Site icon ATAMEKEN

🥈 «Қазақстандықтарды қуантқым келді»: әлем чемпионатындағы «алтын» жүлде үшін айқас туралы балуан Нұрқожа Қайпанов пікір білдірді

 

Қазақстандық «еркін күрес» балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қайпанов 74 келіге дейінгі салмақта ресейлік Иналбек Шериевке 4:10 есебімен жол берді.

Нұрқожа — осы әлем чемпионатында финалға шыққан Қазақстан құрамасының жалғыз балуаны.

«Қазақстан халқын қуантқым келді. Белдесу мен үшін өте ауыр болды. Себебін білмеймін. Мүмкін жауапкершілік сезімі әсер еткен шығар», — деді Нұрқожа Қайпанов журналистерге.

Кейін Қайпановтың қарсыласы Иналбек Шериев бүкіл көрермен қазақстандық үшін жанкүйер болғанын атап өтті.

📸 ҚР ҰОК/Сали Сабиров

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#күрес #Қайпанов #әлемчемпионаты #күміс #Астана #Қазақстан #жаңалықтар

Exit mobile version