«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты тексеру барысында маралдың еркегін кадрға түсірді.
2026 жылғы 9 қазанда жарияланған кадрларда қалың өсімдік арасынан табиғи ортасында еркін жүрген маралдың еркегі көрінеді.
«Мұндай кадрлар жабайы табиғат өмірінің адамға сирек ашылатын сәттерін көруге мүмкіндік береді», — делінген бейнежазбаға қосылған жазбада.
Марал — ірі бұғы. Еркектерінің салмағы 265–416 кг, ұрғашылары 137–178 кг. Таралу аймағы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай, Саян тауларын, Қытайдың солтүстік-батысы мен Моңғолияны қамтиды. Қазақстанда Талас Алатауы, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда мекендейді.
Ал Павлодар облысының ұлттық табиғи паркінде өңір үшін сирек жыртқыш — құну алғаш рет тіркелді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Көлсай #марал #жабайытабиғат #ұлттықпарк #Алматыоблысы #құну #Павлодар #Қазақстан #жаңалықтар

