Site icon ATAMEKEN

🧑‍💻 ЖИ-дің балаларға қаупі қандай?

Google-дың бұрынғы қауіпсіздік жетекшісі Том Сигель жасанды интеллектінің дамуын қауіпсіздік шараларымен қатар жүргізу қажет деп санайды.

Неге алаңдау керек?
🔹 Миллиондаған жасөспірім чат-боттарды пайдаланып отыр
🔹 Балаларды ЖИ-дің ықтимал қауіптерінен қорғау жүйелері технологияның даму қарқынына ілесе алмай келеді
🔹 Балалардың ЖИ-ге тәуелді болып қалуы және оның психикалық денсаулыққа әсері

Сигельдің ұсыныстары:
✅ Пайдаланушының жасын анықтау жүйесін күшейту
✅ Балаларға арналған кейбір ЖИ функцияларына шектеу қою

Нарықтағы жағдай:
🤖 OpenAI жас ерекшелігін анықтау жүйелерін қолданады
👨‍👩‍👧 Google ата-аналарға балалардың ЖИ қолдануын бақылауға арналған құралдар ұсынады
⚠️ Бірақ бұл саладағы қауіпсіздік талаптары әлі толық қалыптасқан жоқ

Мамандар ЖИ құралдарына тәуелсіз қауіпсіздік стандарттарын енгізу қажеттігін айтып отыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#ЖИ #жасандыинтеллект #балалар #қауіпсіздік #AI #технология #психикалықденсаулық #атааналар #Google #OpenAI #Atameken_press

Exit mobile version