Үмбетәлі ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, онда Конституциялық реформаның маңызы, оның қоғам өміріндегі рөлі және Президенттің жаңа бастамалары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық диалогты дамыту, халықтың пікірін ескеру және елдегі саяси жаңғыру үдерісіндегі реформалардың маңызы туралы сөз қозғалды.
Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықты Конституциялық реформаның мазмұнымен таныстыру, мемлекеттік бастамаларды түсіндіру және тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату болды.
Қатысушылар мұндай кездесулердің қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

