2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның алты қаласында (Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе) спорт, шығармашылық және қосымша білім беру бағыттарында біртұтас ваучерлік жүйе бойынша пилоттық жоба басталды.
Кімдер қатыса алады?
Жобаға 4 пен 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Ваучер алу құқығына осы алты қалада тұратын балалар ие. Өтінімді баланың ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы немесе патронаттық тәрбиешісі бере алады.
Ваучер түрлері
Ваучердің екі түрі бар:
-
Мақсатты ваучер – мемлекеттік мекемелерде оқуға арналған. Артықшылығы – кезекке тұрмай-ақ қатысуға болады.
-
Жалпы ваучер – жеке меншік ұйымдарға арналған. Бұл жерде кезек қалыптасады, ал орындар баланың жасы мен отбасының әлеуметтік жағдайына қарай бөлінеді.
Арнайы санаттар және құжаттар
Мақсатты ваучер алу үшін баланың әлеуметтік санатын көрсету қажет:
-
Мүгедектігі бар бала немесе ОВЗ (денсаулығына байланысты шектеулі мүмкіндігі бар);
-
Көпбалалы немесе аз қамтылған отбасындағы бала;
-
Ата-анасыз қалған немесе жетім бала;
-
Ата-анасының бірі мүгедек болатын отбасының баласы.
Мұндай санаттарға жататынын растайтын құжаттар (бар болса) өтінімге тіркелуі керек. Егер бала жоғарыдағы санаттарға жатпайтын болса, бұл да өтінімде көрсетіледі.
Қалай және қайда өтінім беру керек?
Өтінім онлайн түрде қабылданады:
-
НОБД (Ұлттық білім беру деректер қоры) порталы арқылы
-
Немесе НОБД-мен біріктірілген жергілікті әкімдіктің ақпараттық жүйесі арқылы
Қажетті құжаттар:
-
Электронды өтінім формасы;
-
Баланың фотосы;
-
Егер бар болса, ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) қорытындысы.
ЖСН, туу туралы куәлік, жеке куәлік сияқты құжаттар мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі.
Егер өтінім беруші — Қазақстан резиденті емес болса, келесі құжаттардың сканын жүктеу қажет:
-
Туу туралы куәлік;
-
Ата-анасының жеке куәлігі;
-
Қажет болған жағдайда — ПМПК қорытындысы.
Бір отбасына қанша ваучер беріледі?
Әр балаға – бір ваучер. Егер отбасында бірнеше бала болса, әрқайсысы өз ваучерін ала алады. Ваучер бір ғана бағытқа беріледі (мысалы, спорт немесе өнер).
Маңыздысы – ваучер баламен бірге «жүреді», яғни бала өз еркімен секцияны немесе үйірмені ауыстыра алады. Бұл ретте қосымша кезекке тұрудың немесе қаржыландыру жоғалтудың қажеті жоқ.
Жоба не үшін қажет?
Бұған дейін балалар үйірмелеріне бөлінген қаржылар тиімсіз пайдаланылып, келесідей заңбұзушылықтар тіркелген:
-
Балалар тек қағаз жүзінде ғана есепке алынған (8 мыңнан астам);
-
Үйірмелер бейімделмеген ғимараттарда өткізілген;
-
Балалармен сотталған адамдар жұмыс істеген.
Сондықтан жаңа жүйе аясында ваучер ұйымға емес, балаға бекітіледі, бұл жүйенің ашықтығын арттырып, ата-аналарға бақылау мүмкіндігін береді.
Жобаның болашағы
Пилоттық жоба 2026 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Сәтті нәтиже көрсеткен жағдайда, бұл жүйе республиканың басқа өңірлеріне де кезең-кезеңмен енгізіледі.
Егер сіздің балаңыз жоғарыда аталған қалалардың бірінде тұрып жатса және жасы 4–18 аралығында болса — бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!