Site icon ATAMEKEN

1 миллион ауыл тұрғынының табысын арттыру көзделеді

Жамбыл ауданындағы Айдарлы ауылының тұрғындарымен кездесу өтіп, ауылдағы жұмыспен қамту, жеке кәсіп бастау және отбасылардың табысын арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына арналған ұсыныстар таныстырылды. Бағдарламада «Ауыл аманаты» жобасының аясын кеңейтіп, жеке кәсібін ашқысы немесе шаруашылығын дамытқысы келетін азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие беру көзделген.

Осы шара арқылы 1 миллион ауыл тұрғынының табысын арттыру ұсынылып отыр.

Ауыл тұрғындарының табысын тек егін және мал шаруашылығына тәуелді етпей, өнімді қайта өңдеу, қолөнер, ауыл туризмі, қызмет көрсету және цифрлық жұмыс орындарын дамытуға басымдық беру ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы өнімді делдалсыз, тиімді бағамен өткізуге жағдай жасау қарастырылған.

Кездесуде тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді ортаға салды.

Exit mobile version