Бүгін Ү. Кәрібаев музейінде, қазақтың батыр қызы, Зияда Досбергенованы еске алу шарасы аясында, ҚР суретшілер одағы, Алматы облыстық филиалының қолдауымен, марқұм А. Манапов пен Ә. Искаковтың соғыс тақырыбына арналған көрмесі қойылды. Филиал атынан Д. Малыбанв сөз сөйлеп, табыс тіледі. Шараға ауыл ақсақалдары, Зияданың туыстары, Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Соңынан әруақтарға құран оқылып, ас берілді.