Четверг, 17 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтарЭнергетика саласының үздігі — Саят Саматұлы Мүлкібаев

Энергетика саласының үздігі — Саят Саматұлы Мүлкібаев

Еліміздің энергетика саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары мамандардың бірі — Мүлкібаев Саят Саматұлв. Ол 1989 жылы 13 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылында дүниеге келген. Балалық шағы осы ауылда өтіп, 2006 жылы «Тельтай Сарсенбеков атындағы Самсы орта мектебін» аяқтаған.

2010 жылы Саят Саматұлы Үлкен ауылына қоныс аударып, ата-анасын көшіріп әкеліп, отбасына жағдай жасайды. 2013 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде үш баланың қамқор әкесі. Еңбегімен елге танылып, отбасына да, қоғамға да үлгі бола білген азамат.

Сол 2010 жылдың шілде айында ол «KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының Балқаш маңы әуе электр желілерін жөндеу бөлімінде электро монтер ретінде еңбек жолын бастайды. Қазіргі таңда 15 жылдан астам тәжірибесі бар, 5-разрядты қатардағы электромонтер. Электр жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бағытында терең білімі мен кәсіби шеберлігі қалыптасқан.

«KEGOC» акционерлік қоғамында ұзақ жылдар бойы еңбек ете жүріп, Саят Саматұлы өз мамандығына деген адалдығымен, тәртіптілігімен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленіп келеді. Жыл сайын қауіпсіздік техникасы бойынша емтихандардан өтіп, білімін жаңартып отырады. Сонымен қатар ұжымдық спорт жарыстарына белсене қатысып, жүлделі орындар иеленген.

Күннің аптап ыстығы мен қыстың қақаған суығына қарамастан, Балқаш маңындағы алқаптарда әуе электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз және сапалы атқарып келеді. Жұмыс орнындағы қоғамдық шараларға да белсене араласып, әрдайым ұжымдастарына қолдау көрсетіп отырады.

Жетістіктері:2018 жылы наурыз айында Алматы қаласындағы «Біліктілікті арттыру және қос дипломды білім беру институтында» біліктілігін арттырып, категориясын көтеру мақсатында оқу курсынан өткен.

2020 жылы Энергетиктер күніне орай Алматы қаласында көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

2023 жылы «Halyk Ondiris Group» ЖШС ұйымдастырған «Алғашқы медициналық көмек көрсету»

курс бағдарламасын сәтті аяқтаған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments