Site icon ATAMEKEN

Мәжіліс «Ислам және адал қоғам»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет жыл басында өткен төралқа мәжілісінде 2026 жылды «Ислам және адал қоғам»
жылы деп атаған болатын. Соның аясында қоғамды елеңдетіп отырған мәселенің бірі әрі бірегейі болған “Отбасы құндылығын” кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл аудандық мәдениет
үйінде13 ақпан 2026 күні «Исламдағы әйел мәртебесі мен
отбасындағы орны» тақырыбы бойынша
конференция болып өтті.

Шараға Алматы
облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, облыстық әйел-қыздар секторының
жетекшісі Назерке Әкішкызы, рухани ұстаз Құралай Жарбол, 97 жастағы құран жаттаған қари Жұмагүл Мұратқызы, ұстаз Ғажап Жайнагүл қатысып, баяндама жасады.

Бұл ұйымдастырып отырған шара әйел-қыздар қаумына
тарылымы мол, берері кеп кездесу болды. Қатысушыларға сыйлықтар, ал үздік болған Шиен ауылдық мешітінің ұстазы Жомартова Сүмбүлшаш Рыскелдіқызына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің “Алғыс хат”- ы табыс етілді.

Шарага 500 ден астам керермен келіп, сүбелі сұхбаттан рухани азық алып қайтты. Сұрақтарға жауап беріліп, қари әженің батасы осы елге, осы елдің азаматтарына арналды.
Осы шарада үлесі болған барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

Құрметпен
Жамбыл ауданы имамы
Бақыт Абдиисламұлы

Exit mobile version