Аталған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыру және өзара достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа ауылдың белсенді жастары мен түрлі командалар қатысып, жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті. Әрбір команда жеңіске деген жігері мен табандылығын танытып, көрермендерге ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ойын барысында шеберлік пен ұйымшылдық айқын көрініс тапты.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай игі де пайдалы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

