Суббота, 21 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар2023 жылы жастар практикасы бойынша 33,9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2023 жылы жастар практикасы бойынша 33,9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2023 жылы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) аясында жастар практикасына 33 984 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан (9007 адам), Қызылорда (3443 адам), Жамбыл (3047 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (2568 адам) байқалады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыз адамдар жастар практикасына қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.

Жастар практикасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

Субсидиялардың айлық мөлшері (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақыны субсидиялау мерзімі 12 айдан аспайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments