Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғау және атқару құжаттарды орындау нәтижелері...

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғау және атқару құжаттарды орындау нәтижелері туралы

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз экономикасына сыртқы инвестициялар ағынын іздестіру мақсатында Қазақстан өзіне шетелдік капиталды қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді алып, оның ішінде инвесторлар үшін Қазақстанға қарсы халықаралық трибуналға талап қоюға мүмкіндік берді. Бұл үрдіс барлық ел үшін заңды болып табылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов атап өткендей, 2024 жыл мемлекет мүдделерін қорғау тұрғысынан оң серпінге ие.
Қазіргі уақытта Әділет министрлігінің қарауында 21 іс бар: 13 халықаралық төрелікте; 6 іс шетелдік соттарда және 2 іс сотқа дейін қаралып жатыр. 2023 жылы 26 іс қаралды. Бұл ретте 21 іс жүргізудің жетеуі аяқталу сатысында немесе аяқталды.
«Атап айтқанда, Италияның «MADIMA s.r.l.» компаниясының ҚР-ға қарсы сот талабы бойынша; Феликс Сатерге қарсы талап бойынша 2024 жылғы маусымда Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округі бойынша АҚШ аудандық сотының алқабилері Алматы қаласы әкімдігі мен «БТА Банк» АҚ пайдасына барлық үш талап бойынша үкім шығарды. Сондай-ақ алқабилер шығындарды өтеу түріндегі сұратылған сомадан асатын өтемақы тағайындады — үкімді бекіту туралы сот шешіміне сәйкес 32 млрд астам доллар күтеміз», – деп атап өтті спикер.
«F&A Road Construction» ұзақ мерзімді дауы бойынша 2024 жылғы 28 тамызда автомобиль жолдары комитеті мен «F&A Road Construction» бірлескен кәсіпорны арасында дауды реттеу туралы келісім жасалды. Келісім шарт бойынша компания 5,9 млрд теңге мөлшерінде аванстық төлемді қайтаруға, сондай-ақ төрелік бойынша ҚР ӘМ шеккен барлық шығындарды өтеуге міндеттенеді.
Стати ісі бойынша: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдар Стати тараптарымен дауды реттеді. Мәселен, 2024 жылы 4 желтоқсанда дауды түпкілікті реттеу туралы келісімге қол қойылды. Бұл бүкіл әлем бойынша ағымдағы процестерді қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болып табылады. Айта кету керек, реттеу бюджеттік шығындарды қажет етпеді, сондай-ақ швед сот орындаушыларында сақталған ҚР Ұлттық қорының шамамен 70 млн доллар активтері ҚР Ұлттық Банкінің пайдасына қайтарылды.
Сондай-ақ ведомство жұмысының маңызды бағыттарының бірі мемлекетке қарсы жаңа төрелік және сот талаптарының туындауын алдын алу шараларын жүргізу болып табылады.
«Бұл жұмыс ҚР ӘМ қызметкерлерінің шет мемлекеттермен екіжақты инвестициялық келісімдерді талқылау жөніндегі жұмысқа қатысуы сияқты бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар мемлекеттің инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі саясатын қолдау мақсатында ҚР ӘМ қызметкерлері СІМ және Kazakh Invest инвестициялар комитетінің өкілдерімен қатар шетелдік инвесторлармен Инвестициялар және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдердің жобаларын талқылау жөніндегі жұмыс топтарында тұрады. Мысалы, Masdar, Acwa Power, Total Energy, Silk Way Energy, Alsera», – деп атап өтті вице-министр.
2025 жылы осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments