Мемлекет басшысының қатысуымен өткенҮкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгінәтижелері туралы баяндады.
Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауылшаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қолжеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейінартты.
Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлыдақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқажөнелтілді.
Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысыбойынша ең жоғары экономикалық өсім СолтүстікҚазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылордаоблыстары және Астана мен Шымкент қалаларындатіркелді.