2024 жыл ауылдық округ үшін берекелі жылдардың бірі болды. Мәтібұлақ ауылының бүгінгі тынысы мен болашаққа деген сенімі жүректі тербейтіндей жарқын! Себебі, округ аумағында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар көп болды. Осы игі істерді жасаған азаматтарға өз ризашылығымды білдіремін. Ауылымызға табиғи газ қосылып нәтижесінде , әр отбасы рахатын көріп отыр. Ауылымыздың құрылғанына 70 жыл толды, осыған орай, ауылдың іргетасын қалап, өркендеуіне үлес қосқан үлкен ағаларымыздың, аталарымыздың есімдері шежіре тасқа жазылды. Бұл өскелең ұрпаққа үлкен өнеге. Ауылдық амбулаторияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында шағын спорт клубы ашылды. Бұл жетістіктер – біздің ауылдың бірлігі мен еңбеккерлігінің нәтижесі. Әрбір тұрғын бір үйдің баласындай қоғамдық істерге атсалысып, ауылымыздың өркендеуіне үлес қосуда. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз еліміз өркендей берсін.
Мәтібұлақ ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Жакипбаев Ержігіт Иманхалықұлы