Репродуктивтік денсаулық бұл- жүкті болу, босану және сау бала туу мүмкіндігі. Оны сақтау-әйел мен еркектің тапсырмасы.
Әйелдің репродуктивті денсаулығының негіздері ерте жастан қалыптасады және генетикалық ерекшеліктерге, дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің патологиясының болуына, қоршаған орта факторларының әсеріне және т. б. байланысты. Жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ/ЖИТБ, жоспарланбаған жүктілік, түсік түсіру репродуктивті саланың негізгі проблемалары болып табылады. Жасөспірімдерге қауіпсіз, соның ішінде жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, оларды өз денсаулығын сақтауға ынталандыру және де Отбасын дұрыс жоспарлау әйелдер мен балалардың денсаулығы үшін маңызды рөлге ие, себебі: 1) тым ерте және тым кеш жүктіліктің алдын алады; 2) жүктіліктер арасындағы интергенетикалық интервал деп аталатын, уақыт бойынша бөлінген бала туылуы таймингін (күнтізбесін) жоспарлауға мүмкіндік береді; 3) балалардың жалпы санын шектейді. ДДҰ анықтамасы бойынша «отбасын жоспарлау – бұл дені сау және күткен балалардың туылуы үшін ұрпақты болу функциясын бақылауды қамтамасыз ету». Сондықтан барлық ерлі-зайыптылардың тым ерте немесе тым кеш жүктіліктің немесе жүктіліктер арасындағы өте қысқа мерзімдегі жиі жүктіліктер немесе тым көп жүктіліктердің алдын алу үшін ақпаратқа және көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі аса маңызды.Қазақстанда қандай да бір контрацепцияның әдістері туралы, заманауи әдістерді қосқанда, 15-49 жастағы сұралған әйелдердің барлығы дерлік хабардар (98,8%).Контрацепцияның ең танымал әдісі жатыр ішілік спираль (ЖІК) болып табылады, оны әрбір үшінші тұрмыстағы әйел қолданады (31,9%). Келесі неғұрлым жиі пайдаланылатын әдіс/құрал ерлер мүшеқабы болып табылады, олардың қолданылуы туралы ресми (ресми емес) некеде тұрған әйелдердің 12,5% хабарлады, ал әйелдердің 6% астамы таблеткалар қабылдаған.Инъекция, диафрагма/көбік/гельдер, трансдермалды бұласырлар, лактациялық аменорея (ЛАӘ), немесе үзілген жыныстық қатынас немесе оқтын-оқтын жыныстық қатынасқа түспеу, сондай-ақ әйелдер стерилизациясы сияқты контрацепция әдістері/құралдары кең таралмаған және оларды тек 0,1-1,7% әйелдер ғана қолданған.
ШЖҚ МКК Қарғалы ауылының Аудандық Ауруханасына қарасты Жастар денсаулық орталығының дәрігері Абилмажинова Жанар Нургазықызы