Site icon ATAMEKEN

2026 жылғы 23 шілде күні Жамбыл ауданы Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде жеке құраммен

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің» қолдауымен, «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігі» дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мухамедияров Дархан Нуртилеуович қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, қоғам мен мемлекеттің осы бағыттағы ортақ жауапкершілігі, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға әрбір азаматтың қосатын үлесі жөнінде кеңінен айтылды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауаптар беріліп, пікір алмасты және ақпараттық брощюралар таратылды.

 

Exit mobile version