Site icon ATAMEKEN

2026 жылғы 23 шілде күні Жамбыл ауданы орталық кітапханасында

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің» қолдауымен, «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жастар және адалдық қағидаттары: парасаттылық құндылықтарын нығайту жолдары» атты жастар арасында семинар өтті.
Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мухамедияров Дархан Нуртилеуович қатысты.
Семинар барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы адалдық мәдениетін орнықтыру, азаматтық жауапкершілікті күшейту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы әрбір азаматтың рөлі кеңінен талқыланды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауаптар беріліп, пікір алмасты және ақпараттық брощюралар таратылды.

 

Exit mobile version