Бұл жиын елдің саяси-құқықтық дамуы жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануға тиіс.
Отырыс барысында Конституцияға енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланып, оларды жүзеге асырудың құқықтық тетіктері қарастырылды. Комиссия мүшелері ұсынылып отырған реформалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру екенін атап өтті.
Аталған отырыстың ерекшелігі – реформаларға қатысты пікір алмасудың ашық әрі мазмұнды сипатта өтуі. Бұл өз кезегінде қоғам мүддесін ескеруге бағытталған жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын көрсетеді. Конституциялық өзгерістер тек заңнамалық деңгейде ғана емес, елдің демократиялық дамуына серпін беретін маңызды құрал екені белгілі.
Сарапшылардың пікірінше, Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесі халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға, сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан мұндай отырыстарды өткізу – заман талабынан туындаған қажеттілік.
Қорыта айтқанда, 29 қаңтардағы комиссия отырысы Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы жауапты әрі маңызды кезеңдердің бірі болды. Алдағы уақытта бұл бастамалардың нақты нәтижелерге ұласуы ел дамуы үшін айрықша мәнге ие.
Нұрымова Күләнда, Қарасу ауылдық округінің тұрғыны
