21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтеді.
Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз!
Құрметті өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!