Мың
баев ауылының 247 бағыттың абзал азаматы – Шынтас Станқұлов
Шынтас аға 1961 жылдың 5 қаңтарында Шымкенттің Арыс қаласында дүниеге келген. 11 сыныпты тәмамдап, кейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ политехникалық институтында (қазіргі ҚазҰТЗУ) мұнай факультетінде 2 курсқа дейін білім алған.
Бүгінде автопаркте 45 жыл бойы табан аудармай еңбек етіп келеді. Ал 247 бағытта – соңғы 2 жылдан бері жолаушылардың қауіпсіз әрі жайлы жетуіне жауапты.
Шынтас ағаның жұмыс күні таңғы 4:50-де басталады. Алдымен автобусын мұқият тексеріп, қауіпсіздікке көз жеткізеді: дөңгелектегі шиптерінен бастап, техникалық жағдайына дейін. Содан соң алғашқы рейске аттанады. Күніне 400-450 шақырым жол жүріп, жүздеген жолаушыны діттеген жеріне жеткізеді.
Өз ісіне адал, жүзі жылы, әр жолаушыға құрметпен қарайтын, қарапайым да жақсы адам. 247 бағыттың жүргізушісі ғана емес, нағыз еңбек адамы!