Бүгін діттеген мақсатын орындап, Жетісудың жүрегіне жеткен жерлестерін талдықорғандықтар ыстық ықыласпен күтіп алды. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болған шараға Алматтың ата-анасы, достары және қаламыздың спортсүйер жас велошабандоздары қатысты. Айта кету керек, бұл сапардың негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ішкі туризмді дамыту және жас буынға отаншылдық рухты дарыту болып табылады.