Site icon Атамекен

3,3 мыңнан астам пәтер беріледі

Осы жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттары бойынша кезекте тұр;

2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы; жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй; сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй; «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде беруді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Exit mobile version