6 мамырдан бастап Қазақстанда жаңартылған жол қозғалысы ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Kolesa.kz.
Құжат «жаяу жүргіншілер өткелі» және «қиылыс» ұғымдарын нақтылайды, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды полиция қызметкерінсіз өңдеу мүмкіндігін қарастырады.
Жалғыз жолақты үздіксіз сызықтан өту әкімшілік құқық бұзушылық болып табылып, ол үшін ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жүргiзушi куəлiгiңiзден алты айға айырыласыз.
Қарсы қозғалыстағы кɵлiкке қызыл шамды көрсететін бағдаршамдағы «+» олар үшін қызыл емес жасыл екенiн бiлдiредi. Егер бағдаршам жасылдан қызылға ауысқанда жыпылықтамаса, жүргізушілер сары шамда жүре алады. Бұл жағдайда (жарық сары жанған кезде) жол үстiндегi жаяу жүргіншілер оны босатуға немесе бөлу сызығына тоқтауға мәжбүр болады.
Қосымша жолдан шыққан кезде жүргізуші басқа көліктерге және оның соңынан келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол беруi керек. Негiзгi жолдан қосымша жолға шыққан кɵлiк – жолын кесіп өтетін жол қозғалысына қатысушыларға жол беруi керек.
Бұрылу маневрлерін тек өз жолағында жасауға болады. Бірақ қиылыстардан керi бұрылу үлкен де, кіші радиуста да мүмкін болады. Бiр-бiрiне қарсы бағыттағы бұрылыстағы көліктер оң жақ бүйiрлерiмен ɵз бағыттарына кетедi (бұндай әрекетті орындау мүмкін емес арнайы параметрлері бар қиылыстарды есепке алмағанда).
Бөлінген жолақтармен қоғамдық көліктерге ғана емес, салмағы бес тоннадан асатын және сегіз жолаушы орыны бар басқа автобустарға да жүруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірқатар жаңа жол белгілері мен вафли белгілерін енгізу қарастырылған.
Сонымен қатар, автокөліктерге арналған «Электромобиль» және «Газ жабдығы бар автомобиль» белгілері қарастырылған. «Мүгедек» белгісін тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектердің автокөліктеріне, сондай-ақ осы азаматтарды тасымалдайтын көліктерге қоюға болады.
Автокөлік терезелерінде дефлекторларға (түтiн ɵткiзу жүйесінің элементі) рұқсат етіледі. Сонымен қатар, кɵлiкке зауыттық жүксалғыш немесе тіркемені орнату көлік құралын қайта жабдықтау болып есептелмейдi.