Site icon ATAMEKEN

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл ауданында кең көлемді мерекелік іс-шара өтті.

Screenshot

🇰🇿 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл ауданында кең көлемді мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шарағa әскери бөлім өкілдері, ардагерлер, құқық қорғау және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты.

Шара алдымен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде басталып, жиналған қауым ақын рухына құран бағыштады. Одан кейін музей алаңында ұйымдастырылған әскери техникалар көрмесі таныстырылып, әскери бөлімдердің арнайы техникалары мен құтқару құралдары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шара Жамбыл ауылдық мәдениет үйінің жанындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Алғадай Жамбылұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.

Салтанатты жиын мәдениет үйінде өтіп, Мемлекеттік Ту енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Жиында арнайы сөз сөйлеп, ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға алғысымды білдірдім.

🏅Шара барысында әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер марапатталып, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше аталып өтті.

🎶Мерекелік кеш патриоттық әндер мен концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Exit mobile version