Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында осылай деп баяндама жасады.
Сөзінше 43,62 Мбит/с орташа интернет жылдамдығымен 66-орында.
Елімізде 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет бойынша оптика 2 606 ауылға жеткізілген. Мобильді интернет 4 866 ауылда қолжетімді. 2023-ші жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылды.
Бүгінгі таңда 1424 ауыл мобильді Интернетке қол жеткізе алмай отыр.
“5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Кселл және Теле2-мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025-ші жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс”, — деді министр.
#интернет