Четверг, 28 ноября, 2024

Бүгін Ұзынағаш ауылындағы «Алтын асық» ықшам ауданында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу шарасына қатыстым. Бұл игі бастама Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, аудан көлемінде 1000-нан астам ағаш отырғызылды.

Шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту. Ағаш отырғызу арқылы ауданымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, келешек ұрпаққа жасыл желекке толы мекен қалдыруға үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз деп білемін.

Бүгінгі ағаш отырғызу акциясы – тек бір күндік шара емес, бұл ауданымыздың экологиясын жақсартуға бағытталған үлкен бастамалардың бір бөлігі. Әрбір отырғызылған ағаш – келешекке салынған инвестиция. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру ісі жалғасын табады деп сенемін.

Нұрпейісов Абзал Еркінұлы

 

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments