Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адам, осындай адам деп Жамбыл ауылының тұрғыны Тажиев Ерғазы Нұрахметұлын айтуға болады
Тажиев Ерғазы Нұрахметұлы 18 наурыз 1962 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында туылған. Еңбек жолын Жамбыл атындағы совхозда трактор жүргізуші болып бастаған. 1980-1982 жылдары әскер қатарына шақырылды. Отан алдында әскери борышын өтеп келген соң, дәнекерлеуші мамандығына оқып, 1983 жылдан бастап Жамбыл атындағы совхозда дәнекерлеуші болып жұмыс атқарған. Одан кейін көп жылдар бойы Жамбыл ауылында автокөлік жөндеу жұмыстарымен айналысқан. «Майбұлақ суқұбырында» бригада мастері болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 1-ші Теміржол вокзалында жүк вогондарын жөндеуші-дәнекерлеуші жұмысын атқаруда. Жұмыстан бос уақытында ауыл тұрғындарының сұраныстары бойынша дәнекерлеужұмыстарын жасап, әрқашан қол ұшын беруде.