Среда, 7 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен Вьетнам Әділет министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Қазақстан мен Вьетнам Әділет министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лама ресми сапармен келді.

Сапар барысында ҚР Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі арасында 2025–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Құжатқа ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Вьетнамның Әділет министрі Нгуен Хай Нинь қол қойды.

Аталған бағдарлама тараптардың өзара ынтымақтастық салаларын келесі салалар бойынша нығайтады және кеңейтеді:

1) азаматтық істер бойынша заң көмегі;

2) аяқталған мәмілелерді тіркеу, сот ісін жүргізу кезінде заң көмегін ұйымдастыру және көрсету;

3) азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау саласында тәжірибе алмасу;

4) сот сараптамасы саласында тәжірибе алмасу;

5) құқықтық саладағы басылымдармен және құжаттармен алмасу.

Екіжақты құжатқа қол қою екі ведомствоның заң саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments