Пятница, 9 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтарЖеңістің батыр жауынгері

Жеңістің батыр жауынгері

Ұлы Отан соғысының ардагері, елін сүйген азамат Уразымбетов Мұсахан Əлмейінұлы – 1923 жылы наурыздың 1-і күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қызылтаң ауылында дүниеге келген. Содан 1941 жылы жүрегі жалындаған жас жігіт майданға аттанып, Ржевск қаласын азат ету жолындағы қанды шайқастарға қатысады. Жауынгерлік борышын «пулеметші» ретінде өтеп, ерлікпен көзге түседі. Батырлығымен, қайсар мінезімен танылған ол 1943 жылы аяғынан жараланып, бір аяғын кесуге тура келеді. Ташкенттегі госпитальде емделіп, елге оралғанымен, бір аяғынан айырылған еді. Бірақ бұл тағдыр сыны оның елге қызмет ету жолындағы жігерін жасыта алған жоқ. Соғыстан кейін Түрксіб темір жолында еңбек етіп, ел игілігіне өз үлесін қосты. 1944 жылы Есенгазиева Күлсара анамызбен отбасын құрып, тоғыз бала тəрбиелеп өсірді. Балаларын қатарынан қалдырмай оқытып, қоғамның белді мүшелері болуына жол
ашты. Күлсара анам да тылда аянбай еңбек етіп, кейін ауданда депутат қызметін абыройлы атқарды. Еңбегіне орай «Ленин» орденімен жəне «Еңбек ері» медальдарымен марапатталды. Соғыстан кейін Темір жол саласында зейнет жасына дейін қызмет етті. Əкем мен анам ауылдастары арасында абыройға бөленді. Қазіргі таңда ата-анамыздан 5 ұл, 4 қыз, 34 немере, 72 шөбере, 6 шөпшек тарап Сонымен қатар, көптеген медальдардың иегері атанды. Ұлы Жеңіс жолында батылдық танытқан
ержүрек əкеміз мəңгі жүрегімізде. Оның қайсарлығы, ерлігі жəне елге деген сүйіспеншілігі біз үшін мақтаныш! Осындай ардагердің ұрпағы болғанымызға шексіз қуанамыз!

Ұлы – Уразымбетов Қанат, келіні – Роза,
немерелері – Данияр, Динара.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments