Жыл сайын дəстүрлі түрде күзгі жəне көктемгі мерзімде əскерге шақыру науқаны жүргізілетіні баршамызға белгілі. Сəуір айының басынан бастап көктемгі əскерге шақыру басталды. Мамандардың сөзінше, науқанға жастар селқос қарап, түрлі сылтаумен əскерге бармаудың айласын жасауда. Оған ата-аналары да дем беретін секілді. – «Жылда облыс бекітіп берген межені асыра орындайтын едік. Алайда, биылғы наурыз-маусым мерзімінде жастарды əскери қызметке шақыру қиынға соғуда. Аудан межесі – 228. Бүгінге дейін 103 бала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал 125 баланы əлі де жіберуіміз керек. Бүгінде əскерге бару былай тұрсын шақырту комиссиясына жастар келмейтін болды. Енді заң бойынша əрекет жасаймыз», – дейді Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор Эрнест Жанболатов. 2024 жылғы дерекке сүйенсек, Жамбыл ауданы жоспарын толық орындап, аймақ бойынша алғашқы қатарға еніпті. Енді шақыру комиссиясына салғырт- тық танытқан ауылдық округтерге тоқталсақ, көштің басында Шиен мен Самсы ауылдық округтері тұр. Бұл ауылдарда туған жерін қорғағысы келетін бірде-бір азамат табылмағаны, өкінішті- ақ… Ал Ақсеңгір мен Мыңбаев округтері бұл тұрғыда сергектік танытуда екен. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің əскери даярлық жəне алғашқы əскери дайындық жөніндегі инспекторы Алтынгүл Қоғабайқызы өз сөзінде: – «Əрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен жастардың патриоттық сезімі жоғары дей алмаймын. Ата-бабаның аманаттаған жерін қорғау əрбір жастың асыл міндеті емес пе? Осыны ата-аналар жас ұрпақтың бойына сіңірсе дұрыс болар еді», – деді. Осы орайда, Заң талаптарына тоқтала кетсек. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабы бойынша əскерден жалтарғандар үшін жаза күшейтіліп отыр. Яғни азаматтардың əскери міндеттіліктен жалтаруы — заңмен тікелей қудаланатын əрекет болып табылады. Бұл бапта əскери қызметтен
жалтарғандарға арналған мынадай жаза түрлері қарастырылған. Əскери қызметке шақырылған азаматтың себепсіз келмей қалуы немесе жалған құжат ұсыну, денсаулығына əдейі зиян келтіру арқылы əскерге барудан бас тартса, 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл арқалайды. 2025 жылы бұл шамамен 7,6 млн теңге төлейді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті болмаса 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы бек мүмкін. Егер бұл əрекет соғыс жағдайында немесе мобилизация кезінде орын алса 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Егер əскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы істі сотқа бергенге дейін əскерге шақырылу пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сонымен қатар, уақытылы əскери есепке тұрмағандар 9909 теңге, медициналық куəландырудан өтуден бас тартқандар 6606 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Əскерге баратын сарбаздар ҰҚК-нің шекара қызметіне, Қорғаныс министрі əскери бөлімі мен Мемлекеттік күзет қызметі жəне Ұлттық ұлан қатарына қосыла алады. Сондықтан, күн сайын ата-ана жəне азаматтармен сөйлесіп, оларға патриоттық ұғымның ұлылығын ұқтырып, əскер қатарына қосыла алады. Нағыз əскери саланы таңдағыңыз келсе, онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты əскери оқу орындарына түсуге болады.