Понедельник, 19 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтарХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және Алматы облысы мәслихатының шешімімен бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Алматы облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуға ынталандыру, экологиялық мәдениетті арттыру және азаматтық белсенділікті қолдау.
Міндеттері – ауылдың экологиялық жай-күйін жақсарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар мен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

  • I кезең – аудандық (1 маусым – 10 тамыз аралығы). Аудандық комиссиялар жеңімпаздарды анықтап, оларды облыстық кезеңге ұсынады.
  • II кезең – облыстық (1 қыркүйек – 15 қараша аралығы). Бұл кезеңде облыс көлеміндегі үш үздік ауыл анықталады.

Бағалау критерийлері:

  • Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары;
  • Экологиялық жағдай;
  • Республикалық және жергілікті экологиялық акцияларға қатысу;
  • Ауылдық туризмді дамыту және инвестиция тарту;
  • Инфрақұрылымның дамуы және тұрғындардың белсенділігі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Конкурс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, соның ішінде абаттандыру техникасы табысталады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы қараша айында өтеді.

Конкурсқа қатысу – бұл өз ауылыңызды көркейтуге және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу мүмкіндігі!

Қосымша ақпаратты аудан әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінен алуға болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments