Воскресенье, 25 мая, 2025
Басты бетЕңбек адамыҚайырымдылық – жүректен шыққан жомарттық

Қайырымдылық – жүректен шыққан жомарттық

Құрметті Қарлығаш апай!

Сізді Еңбекшіарал орта мектебінің ата-аналар қауымы атынан ерекше құрметпен, шексіз алғыс сезімімен құттықтай отырып, еңбегіңізге ризашылығымызды білдіреміз.

Сіз – жүрегі мейірімге толы, шəкіртке шынайы жанашыр, ата-анаға сенімді серік бола білген ізгі жансыз. Əлеуметтік педагог ретінде еңбекқорлығыңыз, жауапкершілігіңіз жəне əр баланың жан дүниесіне үңіле білетін қабілетіңіз біз үшін өте бағалы. Сіздің ұйымдастыруыңызбен өткізілген тəрбиелік іс-шаралар мен ашық сұхбаттар – балаларымыздың өмірлік көзқарасын қалыптастыруға, адами құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған маңызды қадамдар. Əроқушыны жеке тұлға ретінде танып, олардың мінез-құлқы мен психологиялық ахуалына ерекше назар аударып, дұрыс бағыт бере білетін ұстазретінде Сізге зор алғыс айтамыз. Ата-ана мен мектеп арасындағы алтын көпір болып, тығыз байланыс орнатқаныңыз – біз үшінзор қуаныш. Бала тəрбиесіне деген шынайыжанашырлығыңыз бен кəсіби шеберлігіңіз үшін өзіңізге бас иеміз.Жанұяңыз аман, деніңіз сау болсын! Еңбегіңіз еленіп, əр күні қуанышқа бөленіңіз!Сізге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен: Еңбекшіарал орта мектебінің ата-аналар қауымы

Алдыңғы мақала
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments