Қанатов Самат Серікұлы 07.12.1990 жылы Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген.Әкесі Қанатов Серік Қадырұлы 1984-1989 жылдар аралығында жүргізуші, 1989-1992 жылдары Бозой совхозының аға шопаны, 1992-1997 жылдары жүргізуші,1997-2019 жылдарда мектеп күзетшісі болып жұмыс атқарды.Қазіргі таңда денсаулығына байланысты жұмыс істемейді. Анасы Бейсембаева Торғын Сағатқызы физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған, қазіргі кезде Бозой ауылдық округінің әкімі. 1997 жылы 1-ші сыныпқа Бозой орта мектебіне барды.Аталған мектепті 2008 жылы аяқтап, шаруа қожалығын құрып мал шаруашылығымен айналысты. 2010 жылы Алматы қаласына мал дәрігерлік мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы оқуды аяқтады. 2015 жылы Әбілсейтқызы Ақботамен шаңырақ құрды. Қазіргі уақытта 4 баланың әкесі. Шаруашылықтың жұмысын жандандырып, мал басын өсіру мен асылдандырумен айналысуда. «Самат» жеке шаруасын дөңгелетіп отыр. Ауылдың әлеуметтік даму жолында үнемі үлес қосуда.