Карибаева Зауреш Рахимовна 1967 жылы дүниеге келген. 1975 жылы мектеп табалдырығын аттап, орта білімін алған. 1987 жылы кәсіби орта арнаулы оқу орнын аяқтап, 1988 жылдан бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық пошта байланыс бөлімшесінің меңгерушісі болып тұрақты түрде еңбек етіп келеді.
Ұзақ жылдар бойы пошта саласында адал еңбек етіп келе жатқан кәсібіне адал, іскер маман ретінде ұжым арасында үлкен құрметке ие. Жауапкершілігі жоғары, тәртіпті, еңбекқор, өз ісіне мұқият қарайтын Зауре Рахимовна – кәсіби шеберлігімен, жинақтаған мол тәжірибесімен ерекшеленеді.
Қызмет барысында ол өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, әріптестерімен сыйластықта жұмыс істей білді. Жас мамандарға бағыт-бағдар беруден де жалықпайтын тәлімгер ретінде танымал.