Четверг, 3 июля, 2025

Еңбек адамы

Еңбек ету- адамзаттың тіршілік көзі, тәрбие бастауы.
Елеулі еңбегімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың бірі — Тарғап ауылының тұрғыны, «Мыңбаев су құбыры» мекемесінде еңбек етіп жүрген Малтыкбаев Еркембек Анарбекұлы. Ол 1956 жылы 2-қазан күні Семей облысы, Ұржар ауданы, Көкөзек ауылында дүниеге келген. 1963 жылы сол ауылдың орта мектебінің табалдырығын алғаш аттап, 1973 жылы 10- сыныпты бітірді. 1974-1975 жылдар аралығында азаматтық борышын өтеп келді. Әскерден келген соң, оқуын жалғастырып, «Техник-механик» мамандығын бітірген. 1994 жылдан бүгінгі күнге дейін Тарғап ауылында еңбек етіп келеді.
Отбасында жұбайы Калиева Турсункуль екеуі 3 бала тәрбиеледі, үшеуі де отбасылы, бір-бір маман иелері. Ата тәрбиесін көріп өскен немерелері кішіпейіл, сыпайы, еңбекқор болып өсіп келеді. Еркембек атамыз ауылдың ауыз суымен қамтамасыз етілуін қадағалаумен ғана шектелмей, әрқашан ауыл адамдарына құбырлары жарылғанда көмектесіп, алғысына бөленіп жүр.
Осындай ешкімнің бетін қайтармаған атамыздың мәртебесі қашан да биік болсын дейміз.
Еркембек атамыз бұл салада 10жылдан аса еңбек етіп келеді.
Ол кәсібін ерекше сүйеді, сондай-ақ ауылдың ауыз суын қадағалау үлкен жауапкершілік деп біледі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments