Четверг, 21 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтарҰлтаралық татулық - басты құндылық

Ұлтаралық татулық — басты құндылық

Ақсеңгір ауылдық округі бойынша ауыл әкімшілігінде «Ұлтаралық татулық — басты құндылық» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ел тарихына көз жүгіртсек, татулық – әрқашан мемлекеттің мызғымас тірегі болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ, Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің сенімді кепіліне айналды.
Дөңгелек үстел басында біз тек өткенді саралап қана қоймай, ел ішіндегі бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту жолдары талқылап, болашаққа бағдар жасаймыз.
Өйткені бірлік – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақтың да бақыты.
Біздің парызымыз – осы бірлікті сақтау, өркендету, оны жас ұрпақтың жүрегіне сіңіру.
Сонда ғана Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мәңгілік мекеніне айналады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments