Суббота, 16 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтарАсқарқызы Назгүл Құрманақын келінін 10 тамызда 55 жасқа толған мерейлі қуанышымен құттықтаймыз

Асқарқызы Назгүл Құрманақын келінін 10 тамызда 55 жасқа толған мерейлі қуанышымен құттықтаймыз

Қарақыстақ ауылының тұрғыны, бәрімізге құрметті, отбасында асыл жар, сыйлы, ізетті келін атанған Асқарқызы Назгүл Құрманақын келінін 10 тамызда 55 жасқа толған мерейлі қуанышымен құттықтаймыз.

Ақжарқын, жаймашуақ көңілімен, елге үлгі өнегелі өмірімен бәрімізге құрметті, аяулы Назгүл өмірлік жары Қанатпен ұлағатты ұрпағынан немере сүйіп, жұптары жарасып, бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешуде. Туыс-бауырға қадірлі, құрбы-достарының ортасында беделді, мақтау мен алғысқа ие. Әулетіміздің маңдайалды мақтанышы. Ата-енесінен үлгі-өнеге алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, аяулы анасы Әсемнің ақ сүті мен үмітін ақтаған Назгүл бүгінде өсіп-өнген бір әулеттің алғыс, батасына ие болған ілтипатты, ибалы келіні саналады.

Ақындар мен батырлардың еліндесің,
Қуаныш тойға жалғасты өмір көшің.
Жаз айында шаттықпен келіп жеткен,
Құтты болсын биылғы екі бес – елу бесің!

Көңілің ән жырменен тойыңда шалқысында,
Жақсының биіктейді әрқашан даңқы шыңға.
Өзіңе гүл сыйлап, ақ батамен тілек арнап,
Бірге болайық бес жылдан соң алпысыңда!

Қарақыстақ ауылының тұрғыны, бәрімізге құрметті, отбасында асыл жар, сыйлы, ізетті келін атанған Асқарқызы Назгүл Құрманақын келінін 10 тамызда 55 жасқа толған – деп құттықтаушылар: аға-жеңгесі – Тұрсынжан-Мейрамкүл, Тоқтасыновтар әулеті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments