Понедельник, 25 августа, 2025

Еңбек адамы

Еңбек адамы.
Елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, маңдай терін төгіп жүрген нағыз еңбек адамдары – халқымыздың баға жетпес байлығы. Солардың бірі – Қазыбек бек бекетінің тұрғыны, энергетика саласында 32 жыл бойы адал еңбек етіп келе жатқан Туйешиев Мұрат Баймұхамбетұлы.
Мұрат Баймұхамбетұлы еңбек жолын 1997 жылы “KEGOC” АҚ филиалының Орталық АЭТ бөлімінде қарапайым 3-разрядты электр монтері болып бастады. Жылдар өте келе кәсіби шеберлігін шыңдап, 1-топ шебері, 6-разрядты электр монтері сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.
2022 жылдан бері 500 кВ “Алматы” қосалқы станциясында жедел-диспетчерлік топтың құрамында 5-разрядты электр монтері болып қызмет етіп келеді. Бұл – үлкен жауапкершілік пен терең білімді талап ететін жұмыс. Алайда Мұрат Баймұхамбетұлы үшін бұл – өз ісіне деген адалдықтың, тәжірибе мен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Оның еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше мәрте филиалдың және “KEGOC” АҚ-ның Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ компанияның 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл – ұзақ жылдар бойы табандылықпен еңбек етіп келе жатқан азаматқа көрсетілген лайықты құрмет.
Мұрат Баймұхамбетұлы – жас мамандарға үлгі боларлық тұлға. Қарапайымдылығы мен еңбекқорлығы қатар жүретін азаматтың өмір жолы – еңбекпен жетістікке жетудің жарқын үлгісі.
Елдің қуаты – еңбекте. Еңбектің қадірін білген адам – елдің тірегі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments