Среда, 27 августа, 2025

Еңбек адамы

Еңбек адамы – Есбол Айтмұханович Демесинов
Еңбек – елдің тірегі, қоғамның дамуы мен тұрақтылығының басты негізі. Осындай ұлы ұғымды өмірлік қағидасына айналдырған жандардың бірі – Демесинов Есбол Айтмұханович.
Есбол Айтмұханович 1966 жылдың 18 қыркүйегінде дүниеге келген. Туған жерінің топырағына деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік қасиеті оны қарапайым, бірақ өте маңызды еңбек жолына бағыттады. Ол жастайынан еңбекке ерте араласып, маңдай терімен адал жұмыс істеудің мәнін терең түсінді.
2001 жылдың 20 қарашасында Есбол Айтмұханович «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының Жамбыл аудандық электр торабының «Күрті» теліміне электромонтер болып жұмысқа орналасады. Бұл – күрделі де жауапты сала. Электр қуатын халыққа үздіксіз жеткізу, апаттардың алдын алу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс.
Қызмет барысында жауапкершілігі мен тиянақтылығы көзге түсіп, екі жылдан кейін автокөлік жүргізушісі қызметіне ауысты. Осы қызметте ол бүгінгі күнге дейін табан аудармай еңбек етіп келеді. Жауапты техника тізгінін сеніп тапсыру – басшылықтың үлкен сенімі. Есбол Айтмұханович сол сенімді абыроймен ақтап келеді.
20 жылдан астам уақыт бойы бір мекемеде үздіксіз еңбек етіп, өз ісінің шебері атанған ол – жастарға үлгі, әріптестеріне тірек. Ұжым арасында сыйлы, абыройлы азамат. Тәртіпке берік, еңбекқор, қарапайым – мұндай қасиеттер нағыз еңбек адамына тән.
Осындай азаматтар еліміздің іргесін бекемдеп, қоғамымыздың дамуына өзіндік үлес қосуда. Есбол Айтмұханович – бейнеттің зейнетін көретін, тыныш еңбекпен үлгі болар жан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments