Вторник, 16 сентября, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында газ саласында заң бұзушылық анықталды

Алматы облысында газ саласында заң бұзушылық анықталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-нің әрекеттерінде заңға қайшы талаптарды анықтады.

Серіктестік тұтынушылармен келісімшартқа газды толық алмау жағдайында 10% “жіберілген пайданы өтеу” деген талап енгізген. Бұл шарт заңда да, газ сату ережелерінде де қарастырылмаған.

Сонымен қатар, жыл сайынғы міндетті тұрмыстық газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету толық орындалмаса да, көрсетілмеген қызмет үшін төлем алынған.

Департамент тарапынан заңсыз талаптарды жою және негізсіз төлемді тоқтату жөнінде хабарлама жіберілді.

Серіктестік барлық талаптарды орындады.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments