Вторник, 7 октября, 2025
Басты бетЕңбек адамыЕңбек адамы – Доламбаева Алия Молдагуловна

Еңбек адамы – Доламбаева Алия Молдагуловна

Доламбаева Алия Молдагуловна 1970 жылы 20 мамырда Қасымбек ауылында дүниеге келген. Бала кезінен еңбекқорлығымен ерекшеленген ол Қасымбек орта мектебін тәмамдап, Республикалық медицина училищесінде 3,5 жыл білім алып, фельдшер-лаборант мамандығын игерді. Арнайы білімі бойынша ол медицина саласында медбике болып еңбек жолын бастады.

1993 жылдың қазан айынан бастап Мынбаев ауылдық ауруханасында қызмет атқарып, халық денсаулығына үлес қосты. 1999 жылы аурухананың уақытша жабылуына байланысты ауыл шаруашылығына бет бұрып, егіншілікпен айналысты. Алайда жүрек қалауымен таңдаған мамандығына қайта оралып, 2005 жылдан бері сол ауруханада медбике ретінде үздіксіз еңбек етіп келеді.

Алия Молдагуловнаның ерекше ерлігі – COVID-19 пандемиясы кезінде алдыңғы шепте аянбай жұмыс істеп, науқастарға қолдау көрсетіп, өз денсаулығын тәуекелге тігіп, кәсіби борышын адал атқаруы.

Бүгінде оның жалпы еңбек өтілі – 32 жыл, оның ішінде медицина саласында – 26 жыл.

Доламбаева Алия Молдагуловнаның өмір жолы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және өз ісіне деген шынайы адалдықтың айқын көрінісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments