Четверг, 13 ноября, 2025
Басты бетЕңбек адамыЕҢБЕК АДАМЫ – Екейбаева Алмагүл

ЕҢБЕК АДАМЫ – Екейбаева Алмагүл

Еңбек — адам өмірінің мәні мен тіршілігінің негізі. Еңбек арқылы адам өз арманына жетіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосады. Осындай еңбекқор жандардың бірі – Екейбаева Алмагүл.

Екейбаева Алмагүл 1957 жылдың 22 сәуірінде Алматы облысы Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген.

Алмагүл Екейбаева еңбек жолын сауыншылықтан бастады. Алғаш еңбек еткен 1976 жылы қарамағындағы 25 сиырдан сүт сауып, жоспарларын абыроймен орындап шықты. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, табандылық танытқан Алмагүлдің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол КПСС мүшелігіне қабылданып, ВЛКСМ Орталық Комитетінің «Бесжылдықтың жас гвардияшысы» белгісімен марапатталды, сондай-ақ аудандық Советке депутат болып сайланды.

2021 жылдан бастап Алмагүл Екейбаева «Ардак» шаруа қожалығын басқарып келеді. Ол ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа буынды еңбекқорлыққа баулуға үлес қосып жүр.

Еңбек – адамды шыңдайтын, өмірге мән беретін ұлы құндылық. Алмагүл Екейбаева сынды адал да жауапты адамдардың арқасында еліміздің ауыл шаруашылығы өркендеп, елдің еңсесі биіктеп келеді. Оның өмір жолы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments