Вторник, 2 декабря, 2025
Басты бетЕңбек адамы"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ" ЖОБАСЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ» ЖОБАСЫ

 

Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» медициналық колледжінде «Тіл – татулық пен бірліктің тірегі» тақырыбында колледж студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Тіл жанашыры» ұлт белгісінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Лушникова Надежда Андреевна, ҚХА мүшесі, «Алматы облыстық татар және башқұрт этномәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлдабаев Ильдар Абрарович арнайы қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, тілдің бірлік пен татулықты нығайтудағы маңызы, сондай-ақ жастардың тіл саясатын дамытудағы үлесі талқыланды. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, жастарды қазақстандық патриотизмге, төзімділікке тәрбиелеу.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments