Вторник, 2 декабря, 2025
Басты бетЖаңалықтар«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

 

2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады.

Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.

Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.

Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.

Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments