Бұйымды пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып, түсініп алыңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге таныс және қарапайым пиротехникалық бұйымның өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Фитильді қол созым ара қашықтықта тұтандыру қажет. Пиротехникалық бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіз аймақтан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуы қажет.
Қатаң тыйым салынады: тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға; тұтанған және жанып болған, сондай-ақ тұтанбай қалған пиротехникалық бұйымды қарау үшін еңкеюге.
Пиротехникалық бұйымдарды бөлмеде пайдалануға; пиротехникалық бұйымдарды қауіпті аумақ радиусынан кем емес қашықтықта ғимараттар, ағаштар, электр беру желілерінің қасында пайдалануға тыйым салынады.
Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде адамдар тұрған жаққа және олар келіп қалуы мүмкін аймаққа бағыттауға болмайды. Бұндай бұйымдарды қолдан сатып алуға, егер олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса, қолдануға болмайды.
Петардалар мен шартылдақтар балалар ойнауға арналмаған. Сондықтан пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін есте сақтаңыз. Әр орын алған жағдайда «101» немесе «112» байланыс телефондары арқылы хабарласыңыз.
Жамбыл аудандық ТЖБ.

