Четверг, 22 января, 2026
Басты бетЖаңалықтарҚонаевта Мансап орталығының қызметіне 3 мыңға жуық адам жүгінген

Қонаевта Мансап орталығының қызметіне 3 мыңға жуық адам жүгінген

«Екі қолға , бір күрек іздегендер қайда барады?» деген түйін шешілді. Бүгінде халықты жұмыспен қамтумен «Мансап» орталықтары айналысады. Мансаптың алғашқы табалдырығы да осы мекемеден басталады. Мәселен, Қонаев қаласындағы Мансап орталығының қызметіне 2025 жылы 2 961 адам жүгінген екен. Бұл туралы Қонаев қалалық мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиев баспасөз-мәслихатында айтты.
Жалпы, жұмыспен қамту шаралары «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде іске асуда.

Жұмыспен қамту бір ғана сатыдан тұрмайды, әрі ол сан салалы. Үкіметпен бекітілген түрлі бағдарламалар тағы бар. Соны барлығы азаматтардың тұрақты жұмысқа тұруына ықпал етуде.

Мысалы, Қонаев қаласында өткен жылы қоғамдық жұмысқа 409 адам тартылып, оның 360-ы тұрақты түрде жұмысқа қалған. Ал, зейнет алды жастағы азаматтар болса, «Күміс жас» жобасының игілігін көруде.

Қонаев қалалық Мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиевтің айтуынша, былтыр 50 жастан асқан 70 дам жоба аясында жұмысқа кірген. Сонымен қатар, 22 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына барған.

Дипломын қолына алған жастар да Мансап орталығы арқылы жұмысқа тұруда.

Түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылы 47 түлек жіберіліп, оның 26 тұрақты жұмысқа тұрды. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 17 жасты жіберсек, оның 8-і нақты жұмысқа кірді»,-дейді спикер.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өткен жылы Қонаев қаласында конкурстық негізде 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілген. Алғашқы легінде 8 адамға 12 млн. теңгеге грант берілсе, екінші толқынында 11 адам жеке кәсіп бастауға мемлекеттен қолдау тапқан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments