Пятница, 30 января, 2026
Басты бетЖаңалықтарКонституциялық комиссия дайындаған Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы –

Конституциялық комиссия дайындаған Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы –

елдің құқықтық және қоғамдық дамуына бағытталған маңызды қадам. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстардың ескерілуі бұл үдерістің ашық әрі инклюзивті сипатта өткенін көрсетеді. Бұл – халықтың пікірін тыңдайтын, қоғаммен санасатын мемлекет қалыптастыру жолындағы нақты іс.

Жаңа Конституцияның кіріспесінің толық жаңартылып, онда еліміздің тарихи жолын айқындайтын әрі болашаққа бағыт беретін жалпыұлттық құндылықтардың көрініс табуы аса маңызды. Сондай-ақ адами капиталды, білім беру, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындау – Қазақстанның ұзақ мерзімді, орнықты дамуына негіз қалайды.

Аталған жаңашылдықтардың кеңінен талқыланып, қоғам тарапынан қолдау табуы – ел азаматтарының реформаларға деген сенімі мен жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Жаңа Конституция әділетті, заманауи және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға қызмет етеді деп сенемін.

КЕНЖЕНБАЕВА АЙМАН УТЕНБАЕВНА, Қоғамдық келісім және даму бөлімінің басшысы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments