Пятница, 30 января, 2026
Басты бетUncategorizedКонституциялық комиссия ұсынған Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы қоғамның сұранысына сай дайындалған...

Конституциялық комиссия ұсынған Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы қоғамның сұранысына сай дайындалған маңызды стратегиялық құжат деп санаймын.

Жобаны әзірлеу кезінде азаматтық қоғамның, саяси партиялардың және сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуі – Конституциялық реформаның шынайы халықтық сипатта жүзеге асқанын айқын көрсетеді. Бұл – демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған дұрыс қадам.

Жаңа Конституцияда жалпыұлттық құндылықтардың, тарихи сабақтастық пен болашаққа деген жауапкершіліктің айқын көрініс табуы елді біріктіретін идеологиялық негізді күшейтеді. Сонымен қатар, адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым мен инновацияны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде бекіту – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жастардың әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұл өзгерістердің кең қоғамдық қолдау табуы халықтың реформаларға сеніммен қарап отырғанын білдіреді. Жаңа Конституция құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға берік негіз болады деп сенемін.

Күміс Пармашқызы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments