Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды әрі стратегиялық шешім. Бұл қағидаттардың «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімде нақты көрсетілуі елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ететін берік іргетас қалыптастырады.
Қазақстанның унитарлы мемлекет әрі президенттік республика ретінде конституциялық деңгейде нақтылануы басқару жүйесіндегі айқындықты күшейтеді. Ғалымдар мен сарапшылардың бұрыннан айтылып жүрген ұсыныстарының ескерілуі – Конституция жобасының жан-жақты талданып, кәсіби тұрғыда әзірленгенін көрсетеді. Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылымды конституциялық заң арқылы айқындау туралы норма мемлекеттік тұтастықты сақтауға және басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Ерекше мән беретін тағы бір маңызды тұс – халықтың егемендіктің иесі әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде Конституцияда нақты бекітілуі. «Жалпыхалықтық референдум» ұғымының енгізілуі және халықтың билікті тікелей жүзеге асыру тетіктерінің кеңеюі азаматтардың ел басқару ісіне белсенді қатысуына жол ашады.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын берік негізде сақтауға, демократиялық қағидаттарды тереңдетуге және халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды тарихи құжат деп есептеймін.
Алиев Багдат Байшалович, Зейнеткер, Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы

