Жамбыл ауданы Бердіқұлов атындағы орта мектеп ұжымында «Мазмұнды толық жаңарту: жаңа Конституция жобасы нені өзгертті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын, олардың Қазақстан Республикасының демократиялық дамуындағы маңызын, заң үстемдігін нығайтудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ азаматтық қоғамның рөлін арттыру, өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, педагогтер өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай іс-шаралар қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.


